Елім менің lyrics

М. Маңғытаев

Елім менің

0
0

Share:


Балғын өлкем - баулары маужыраған
Қырларында қызыл гүл жаудыраған
Аңқиды жұпар иісі кең даланың
Әр белден, әр төбеден, әр қиядан


Қайырмасы:
Туған елім менің
Кіндік кескен жерім
Айналдым сенен, Қазақстаным



Көз алдымда көгілдір тау мұнартып
Аспанымда аққудың әні қалқып
Құшақтап бір өзіңді, туған далам
Жатамын көк шалғында жаным балқып


Қайырмасы:
Туған елім менің
Кіндік кескен жерім
Айналдым сенен, Қазақстаным



Тасып жатқан өзендер жағасынан
Сары белде сағымдар арасынан
Тарайды дән жұпары бар әлемге
Қазақтың қасиетті даласынан


Қайырмасы:
Туған елім менің
Кіндік кескен жерім
Айналдым сенен, Қазақстаным

М. Маңғытаев
М. Маңғытаев, Елім менің lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

28.10.2015