Ақмаржан lyrics

М. Маңғытаев

Ақмаржан

0
0

Share:


Алыстан қол бұлғап сағым
Аңсайды күлімкөз таңын
Үзіліп кеудеден түскен
Ақмаржан - ақ арман, сол күн қайда, жаным?


Қайырмасы:
Жалындап аспан
Жанады жүрек
Толқиды теңіз
Дауылды тілеп
Жырлайды, жырлайды теңіз
Мұңайды, мұңайды теңіз, мұңайды



Көгілдір жұлдызды түнде
Келгендей толқындар тілге
Жалт еткен жанарың жалын
Қайдасың, аяулым, сол кез қайда, жаным?


Қайырмасы:
Жалындап аспан
Жанады жүрек
Толқиды теңіз
Дауылды тілеп
Жырлайды, жырлайды теңіз
Мұңайды, мұңайды теңіз, мұңайды



Сыр бүгіп тұнжырап аспан
Көңілдің ажарын басқан
Төгілген мөп-мөлдір тамшы
Сағыныш жасы ма аңсап келіп құшқан?


Қайырмасы:
Жалындап аспан
Жанады жүрек
Толқиды теңіз
Дауылды тілеп
Жырлайды, жырлайды теңіз
Мұңайды, мұңайды теңіз, мұңайды

М. Маңғытаев
М. Маңғытаев, Ақмаржан lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

28.10.2015