Жаса, туған жер lyrics

Lashyn тобы

2015

3
0

Share:



Жааааасааааа туғааааан жееееееер!!!
Жааааасааааа туғааааан еееееееел!!!

Туған жерім жайнаған гүл бақ,
Алыс кетсем, құшағын ашатын.
Еркелеткен анамдай қымбат,
Бауырына аялап басатын.
Сарыарқа төрім- сағынышымдай,
Жасарған өлкем, жаңарған далам.
Жетісу жерім бақ ырысымдай,
Жазира далам ән дарыған.
Сүйемін байтақ,
Даламды сағымдай.
Көрмесем аңсап,
Сағындым-ай.
Жамалың қандай,
Қыздарың ақ маңдай.
Туған елім-ай!

[Қайырмасы:]
Жаса Туған жерім,
Жаса Туған елім,
Жерұйығым менің,
Атамекенім!!!
Сенсің ақ жүрегім,
Сенсің бар тілегім,
Қасиетім менің,
Қазақ елім-ай!

Тауларыңды жазылып жатқан,
Бауларыңды көремін бағымдай.
Өзеніңді мөлдіреп аққан,
Өз елімді сүйемін жанымдай.
Шығысым шуақ, шырайын төккен,
Батысым байтақ, мұнайлы өлкем.
Солтүстік ғажап, даласы көркем,
Оңтүстік қандай, ақ таңымдай.

[Қайырмасы:]
Жаса Туған жерім,
Жаса Туған елім,
Жерұйығым менің,
Атамекенім!!!
Сенсің ақ жүрегім,
Сенсің бар тілегім,
Қасиетім менің,
Қазақ елім-ай!
Lashyn тобы, Жаса, туған жер lyrics, 2015
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

16.04.2016
Users

GM

Music Videos
Lashyn тобы
Жаса, туған жер