Жүректі тербеп арман-ән lyrics

Құрманхан Нұрымбетов

0
0

Share:


Жүректі тербеп арман-ән,

Үміттің жібін жалғаған.

Көкжиек көкте айналдың,

Қиялым биік самғаған.



Арман-ай, мені арбаған,

Өкпе айтпас жарық ай маған.

Сәулесін құшып түнімен,

Болмады күнім тоймаған.



Бар сырын айтып жай маған,

Жұлдыздар көкте жайнаған.

Бақытты менің шағымдай,

Жап-жарық сонша айналам.



Мендегі жұмбақ сұрақтың,

Жауабын күттім ұзақ түн.

Жалған-ай, әттең, жалған-ай,

Несіне алдап жұбаттың?!
Құрманхан Нұрымбетов, Жүректі тербеп арман-ән lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

01.03.2017