Ұмытайын десем де lyrics

Құрманхан Нұрымбетов

0
0

Share:


Ұмытайын десем де, ұмыта алман,

Қол бұлғайды алыстан үміт-арман.

Сағымдай боп бұлдырап елесің жүр,

Жанарымда суретің тұнып қалған.



Қоштасуға өзіңмен әлім келмей,

Сабыр көрмей, өзіңсіз сәнім келмей.

Кешудемін күн сайын азапты өмір,

Ғашық жүрек дүрсілдеп дамыл көрмей.



Шағаладай шырылдап теңіздегі,

От жүрегім өрекпіп сені іздеді.

Неге сонша, қалқам-ау, қиналамын,

Шешуі жоқ әлде бұл сезім бе еді?!



Салқын бейне соңғы кез беріп келдің,

Ұстатпайтын әлдебір елік пе едің?

Қол ұстасып өзгемен кете бардың,

Махаббатты ойыншық көріп пе едің?
Құрманхан Нұрымбетов, Ұмытайын десем де lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

01.03.2017