Тілім, неге байландың? lyrics

Құрманхан Нұрымбетов

1
0

Share:


Мен өзіңе шынымен ғашық болдым,

Көрген сайын теңіздей тасып-толдым.

Кездескенде сырымды айта алмастан,

Қоштасуға несіне асық болдым?



Шыныменен сен маған ұнап қалдың,

Қалай айтам сан түрлі сұрақ барын?

Қайран менің жүрегім лүпілдеген,

Қоштасарда қимастан жылап қалдың.



Атыңды атап, амалсыз қайталадым,

От жүректің лүпілін байқамадың.

Сандуғаштай сайрайтын қайран тілім,

Неге, неге байландың, сайтан алғыр?



Кезіккенде өзіңе, ашылмадым,

Сонда-дағы көруге асығамын.

Кінәлама сен мені періште қыз,

Шырқай алмай қалдым-ау ғашық әнін.
Құрманхан Нұрымбетов, Тілім, неге байландың? lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

01.03.2017