Тербетіп нәзік сезімді lyrics

Құрманхан Нұрымбетов

0
0

Share:


Тербетіп нәзік сезімді,

Жүрегім бірге езілді.

Топ-томпақ менің асылым,

Ұмытам қалай өзіңді?



Бейкүнә менің арайлым,

Жарасып қалған қалай нұр?

Жүзіңнен сенің айналдым,

Ынтығып қана қараймын.



Көздерің сенің қарақат,

Жүрекке салды жарақат.

Сәулеңнен сенің нұр алып,

Табады жаным рахат.



Ақ көңіл менің ардағым,

Манаурап атқан таңдарым.

Сен барда сезем бақытты,

Бақытты және жан жағым.



Түріңнен сенің айналдым,

Көргенде тарқар бар қайғым.

Сен үшін төзем бәріне,

Қазығыңа мәңгі байландым.
Құрманхан Нұрымбетов, Тербетіп нәзік сезімді lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

01.03.2017