Сөзім қалды lyrics

Құрманхан Нұрымбетов

0
0

Share:


Сүйем деген сөз қалды айта алмаған,

Сезім қалды мөлдіреп шайқалмаған.

Бүршік атып ақ гүлім ашылмады,

Самал желмен тербеліп, жайқалмаған.



Іздеп келіп өзіңді, көре алмағам,

Балалығым, мен сені кінәламан.

Тағдыр шығар қоспаған екеумізді,

Әсем бейнең елес боп шығады алдан.



Жәудіреген жанардан моншақ тамған,

Жылдар жылжып, арамыз алшақтаған.

Сағыныштан сарғайып қайран көңіл,

Өзіңді бір көруді аңсап қалған.



Есіміңді мен жиі қайталаймын,

Сыбырлаймын, дауыстап айта алмаймын.

Түкпіріне жүректің тығып қойғам,

Сені ұмытып, қалайша жай табайын?
Құрманхан Нұрымбетов, Сөзім қалды lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

01.03.2017