Share:


Асылымсың жүрегімде сақтаған,

Саған ғана жан сырымды ақтарам.

Сұлу бейнең сағымданып селт етсе,

Тап өзіңді көргендей боп шаттанам.



Сәулем, сені аңсаған бір сәттерде,

Орамалың желбіресе көк белде.

Құшақ жайып, енді-енді жеткенде,

Ғайып болып кетесің сен деп-демде.



Құпиямсың қалып қойған көзімде,

Өзге түгіл, түсінбеймін өзім де.

Лүпіл қағып соғып тұрған жүрегім –

Саған деген сағынышты сезімде.
Құрманхан Нұрымбетов, Сағыныш lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

01.03.2017