Өзім туралы lyrics

Құрманхан Нұрымбетов

0
0

Share:


Ақ қағазға сырымды айтып сиямен,
Қиыстырып қиялымды қиямен.
Ой түбінде күні-түні тұншығам,
Жынды болып кетпес пе екем, сірә, мен.


Қиял шіркін, көкке биік сүйрейді,
Іңкәр көңіл сезімді асқақ билейді.
Айта алмаған мұңдарым кеп кей-кейде,
Жүрегімді аямастан түйрейді.


Өң мен түстің арасында жүргенім,
Кімге керек мұңайғаным, күлгенім?
Толғанысым, тербелісім, келбетім
Ирек салым, ақ қағазда жүр менің.
Құрманхан Нұрымбетов, Өзім туралы lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

01.03.2017