Өңімде сені іздеймін lyrics

Құрманхан Нұрымбетов

0
0

Share:


Өңімде сені іздеймін,

Түсіме жиі кіресің.

Сарғайған мына күздеймін,

Сағыныш болды елесің.



Жанарың жанған шоқ еді,

Бойымда ерік балқыған.

Сен барда қайғым жоқ еді,

Дүние ән боп шалқыған.



Дидарың сондай нұрлы еді,

Қарасам көзім тоймаған.

Арадай қонған гүлге енді,

Жүрем деп мәңгі ойлағам.



Есіме түссең, өкінем,

Тағдырға мына не дерсің?

Ұмыта көрме өтінем,

Түсіме тағы енерсің.
Құрманхан Нұрымбетов, Өңімде сені іздеймін lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

01.03.2017