КазГУ-дің қалашығы lyrics

Құрманхан Нұрымбетов

0
0

Share:


КазГУ-дің қалашығын,
Сағындым бала сынды.
Жастық шақ еске түсіп,
Жүрегім аласұрды.


Таңдарды таңға қосып,
Бір қызға болғам ғашық.
Айға да қол созғанмын,
Армандар таудан асып.


Бақытқа мүлгіп аспан,
Жұлдыздар жымыңдасқан.
Қайыңдар сыбдыр қағып,
Жұмбақты сырымды ашқан.


КазГУ-дің қалашығын,
Сағындым бала сынды.
Жастық шақ еске түсіп,
Жүрегім аласұрды.
Аласұрды!..
Құрманхан Нұрымбетов, КазГУ-дің қалашығы lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

01.03.2017