Қант көп дейді қанымда lyrics

Құрманхан Нұрымбетов

0
0

Share:


Қант көп дейді қанымда, тәттімін бе?

Сағынышым – өзіңе пәктігімде.

Аңсап келем жүзіңді бір көруге,

Алма бақта ашылған ақ гүліме.



Шөлім қанбай қойды ғой, сен келмесең,

Дертті болдым жанымды емдемесем.

Шатасады дәрігер “сусамыр” деп,

Сағынбасам, дәл бұлай шөлдемес ем.



Қант көп дейді қанымда, тәттімін бе?

Сағынышым өзіңе артты мүлде.

Сусын берші, қалқатай, сусындайын,

Аралайық келсеңші бақты бірге...
Құрманхан Нұрымбетов, Қант көп дейді қанымда lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

01.03.2017