Қайран, менің көңілім lyrics

Құрманхан Нұрымбетов

0
0

Share:


Қайран менің көңілім,
Неге толқи бересің?
Құмдай сырғып өмірім,
Артта қалды-ау белесім!


Қимай әлі жүрсің бе
Отты күндер елесін?
Өтті дәурен, күрсінбе,
Сағыныш боп келесің.


Шіркін, менің арманым,
Жеткізбедің сағымдай.
Тәтті сәттер алдады
Балғын бала шағымдай.


Тербетілген дүние,
Қайда менің керегім?
Таңнан тұрып күніге,
Жоғымды іздей беремін.


Қайран менің көңілім,
Түнде жылап жасыдым.
Сезім болып серігім,
Бірде шалқып-тасыдым.
Қайран, менің көңілім,
Неге маза бермейсің?
Жастық дәурен – елігім,
Енді қайта келмейсің...
Құрманхан Нұрымбетов, Қайран, менің көңілім lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

01.03.2017