Елуден асып барамын lyrics

Құрманхан Нұрымбетов

1
0

Share:


Өткенге неге алаңмын,

Артыма неге қарадым?

Қай жерге жетіп тоқтармын,

Елуден асып барамын?!



Шоқ болып бейне жанарың,

От болып кейде жанамын.

Делебем қозып бейуақта,

Тұлпарға қамшы саламын.



Жүректің бассам шанағын,

Тербелген әндей боламын.

Жасымды неге санадың,

Елуден асып барамын?!



Таратып жастық базарын,

Сезімнің тартып азабын.

Солғындау тартып ажарым,

Елуден асып барамын!
Құрманхан Нұрымбетов, Елуден асып барамын lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

01.03.2017