Бәрінен сұлу көріктім lyrics

Құрманхан Нұрымбетов

0
0

Share:


Лағындай ойнап еліктің,
Гүліндей жайнап өріктің.
Қай жерлерде жүрсің сен,
Бәрінен сұлу көріктім?


Жанарың күндей төгіп нұр,
Жанымды балдай еріттің.
Сағындым сені, қайдасың,
Бәрінен сұлу көріктім?


Қалмады бойда ерік тым,
Қаласаң мәңгі серікпін.
Қимаймын сені басқаға,
Бәрінен сұлу көріктім.


Уәдеңе берген сеніппін,
Соңыңнан және еріппін.
Адасып қалдық, ай жарық,
Қайдасың, қайда, көріктім?
Құрманхан Нұрымбетов, Бәрінен сұлу көріктім lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

01.03.2017