Share:


Әйелдерсіз қиын күн,
Болмақ емес күйің бұл.
Ашулансаң, құдай-ау,
Дауыл емес құйын бұл.


Ақылдылар, әсемдер,
Жүректегі әсерлер.
Алдағанға сенетін,
Аңқау жандар, “көсемдер”.


Алақанда тұрмайтын,
Лақтыруға қимайтын.
“Айтқаныма жетем” деп,
Күні-түні тынбайтын.


Қасы қара қияқты,
Тар санайтын жұмақты.
Өкпелері бітпейтін,
Манас жыры сияқты.


Әйелде не жазық бар,
Беріспейтін алыптар.
Еркектерді шынжырлап
Байлап қойған қазықтар.
Құрманхан Нұрымбетов, Әйелдер lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

01.03.2017