Сүю бақыт

Қуандық Рахым

2018

63
3

Share:





Загрузка...



Бір сезімнің бірдей дәмін татып 
Өзіңді аңсап өткізгенде уақыт 
Сөздеріңмен айта алмаған сырды 
Көздеріңнен ұғыну бір бақыт 
Сені сүйдім сенсіз ғұмыр мәнсіз 
Сен барың да жүрем мен де қамсыз 
Жеті миллиард адамы бар жерде 
Жүрегімді мекендеген жансыз 

Қайырмасы: 
Көздеріңді көрген кезде күлген 
Мен ештеңе ойламаймын мүлдем 
Сиқырмысың сүйкімдісің өзің 
Сүйіп алғым кеп тұрады бірден 
Күндер бақыт сен жанымда жүрген 
Жұпар иісің табылмас бір гүлден 
Мен әйтеуір кездесуге келсем 
Иіскеп-иіскеп алғым келеді бірден 

Сені ойламай өтер менде күн жоқ 
Дәл өзіңдей өзге бақта гүл жоқ 
Талғамыма жан-тәнімен келген 
Сұлу жансың тал бойыңда мін жоқ 
Сұлу сенің сыңғыр күлкің сырғаң 
Мен бір арман жету саған жылдам 
Тағдырымнан айналайын мәңгі 
Мені сендей жанға ғашық қылған. 
Қуандық Рахым Сүю бақыт lyrics, Қуандық Рахым 2018


Загрузка...





Comments

darin

10 2018

өте керемет ән

Бекарыс

11 2018

керемет

Досымжан

02 2018

кушты

Сауле

04 2018

керемет жарайсын

Кайрат

08 2018

Жарайсын!!!

Asem

10 2018

Зухра

Corrected text

24.11.2018