Уайымдама (Remix) lyrics

Қуандық Рахым

2017

20
0

Share:



Уайымдама, сен мені уайымдама,
Қосылмадық қайтеміз айым дара.
Мойында сен бәрібір, мойындама
Уайымдама.

Кетер емес құлақтан сыңғыр күлкің,
Қою шашың шынымен сүмбіл, шіркін.
Өтер емес өзіңсіз бұл күн - бұл түн.
Сыңғыр күлкің.


[Қайырмасы]
Жаным мені өтінемін уайымдама,
Өткен күндер сенің де ойыңда ма?!
Кездеспейміз махаббат бағында да,
Енді менің боласың әнім ғана.
Кездеспейміз махаббат бағында да,
Енді менің боласың әнім ғана.


Шыдамадың, сәл ғана шыдамадың,
Қаламап ем жүректің жылағанын.
Тап дейсің бе алтыным бір амалын?.
Шыдамадың.

Көктем кетер, тағы да күз келеді,
Сары күз бұл –сағыныш қыз бейнелі.
Қайтқан құстар тобынан ізде мені.
Күз келеді.


[Қайырмасы]
Жаным мені өтінемін уайымдама,
Өткен күндер сенің де ойыңда ма?!
Кездеспейміз махаббат бағында да,
Енді менің боласың әнім ғана.
Кездеспейміз махаббат бағында да,
Енді менің боласың әнім ғана.
қуандық, рахым, куандык, kuandyk, kuandik, rahim, rakhim, rahym, Уайымдама (Remix) lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

21.03.2017
Users