Рухтастардың әні бұл lyrics

Қуандық Рахым

2018

49
0

Share:



Руың қандай дейсіңбе руың қандай
Руымды айтсаң көңілің суынғандай
Мен қазақпын сүйемін əр қазақты
Бір анамен əкеден туылғандай
Жүзің қандай дейсіңбе жүзің қандай
Жүзімді айтсам жүзіңіз бұзылғандай
Мен қазақпын сағынамын əр қазақты
Бір əулеттен түлеген қыз ұлдардай
Мен қазақпын сағынамын əр қазақты
Бір əулеттен түлеген қыз ұлдардай
Қайырмасы:
Қандай жүзсің қандай русың бəрібір
Қазақсың ғой ең əуелі қаны бір
Азатсың ғой арайланған таңы нұр
Отансың ғой жайнап тұрған бағы гүл
Бөлінбейтін желінбейтін бөріге
Рулас емес рухтастардың əні бұл
Жерің қайдан дейсіңбе жершілдіктен
Жер қорғаған бабам бар өршіл рухпен
Барсаңдағы қай қала ауылыңа
Қарсы алдыңнан қашанда еншін күткен
Татулықты ту еткен бабам бұрын
Бірлігіңді бұзбасын балаң бүгін
Қазақ көрсең руын емес жүзін емес
Алды менен сұралық амандығын
Қазақ көрсең руын емес жүзін емес
Алды менен сұралық амандығын
Қайырмасы:(3рет)
Қандай жүзсің қандай русың бəрібір
Қазақсың ғой ең əуелі қаны бір
Азатсың ғой арайланған таңы нұр
Отансың ғой жайнап тұрған бағы гүл
Бөлінбейтін желінбейтін бөріге
Рулас емес рухтастардың əні бұл
қуандық, рахым, куандык, kuandyk, kuandik, rahim, rakhim, rahym, Рухтастардың әні бұл lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Барыс Исахожаев

14 2018

адеми

Асылан Магзумов

27 2018

МЕНІҢ РУЫМ КҮШІК

Айгул

Corrected text

14.01.2018
Users