Қош, махаббат lyrics

Қуандық Рахым

2017

96
10

Share:



Кездестік, кездестік кездейсоқ тағдыр жолымен,
Көзіңнен керемет бақыт көріп ем.
Күнім-ау тәп-тәтті түстей болып ең,
Қоштастық, қоштасық қимадық, жанды қинадық.
Сарғайтар сағыныш ғана сыйладық,
Жанардан мөлтілдеп тамшы жиналып.

Қайырмасы:
Көзіңнің мөп-мөлдір моншағы ағады,
Менің де, жаным-ау жүрегім жаралы.
Сол бір күндер сағыныш болып қалады,
Сен алғаш оралмас қош бол, махаббатым!

Басқамен, басқамен бақытты енді бол дейсің,
Бақытым жалғыз сен қалай көрмейсің?
Білемін, қайтадан маған келмейсің.
Өзгеден, өзгеден іздеші сен де бағыңды,
Деймін де, жұбатам үнсіз жанымды,
Жанымда тұрсаң да, сені сағындым.

Қайырмасы:
Көзіңнің мөп-мөлдір моншағы ағады,
Менің де, жаным-ау жүрегім жаралы.
Сол бір күндер сағыныш болып қалады,
Сен алғаш оралмас қош бол, махаббатым!
қуандық, рахым, куандык, kuandyk, kuandik, rahim, rakhim, rahym, Қош, махаббат lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Arai Aluan

07 2017

қоштастык

Болат Байгуренов

30 2017

керемет

Anes Temirbolat

16 2017

Жақсы Ән керемет орындалған

сабит

05 2018

күшті даусыңа ғашық болдым

Нурсулу

16 2018

кушти, магыналы жарайсын

Nuraniya Amanshiyeva

13 March 2018

Керемет ан