Аппақ жүрегің

Қуандық Рахым

Аппақ жүрегің

13
0

Share:





Загрузка...



Еркелесең мейлі, еліктірдің-ау,
Шын сүйудің сырын сен ұқтырдың-ау,
Еркімді өзіңе беріп, тыңдым-ау.
Өз теңімді таппай жердің өңінде,
Ғашық болмай жалғыз сенделемін бе?
Өмірге сен жаным келмегеніңде.

Қайырмасы:
Көздерің қап-қара сенің,
Аппақ жүрегің, аппақ жүрегің.
Төлеген болдым мен тапқан Жібегін
Ақ бозат иесіз қалып,
Жоғалмайды енді, жоғалмайды енді,
Біздерді Бекежан бөле алмайды енді.

Аймен үндей болып бақыт көрейік,
Жарық жұлдыздардан жапы терейік,
Бұл үшін уақытқа уақыт берейік.
Көп күтуге сендік, шыдам жарай ма?
Қабағыңның қары қылауламай ма?
Мен сені бақытты қылам қалайда.

Қайырмасы:
Көздерің қап-қара сенің,
Аппақ жүрегің, аппақ жүрегің.
Төлеген болдым мен тапқан Жібегін
Ақ бозат иесіз қалып,
Жоғалмайды енді, жоғалмайды енді,
Біздерді Бекежан бөле алмайды енді.
Қуандық Рахым Аппақ жүрегің lyrics, Қуандық Рахым 2016


Загрузка...





Comments

Anonymous

08 2017

Керемет əн

Maksat Kurbanai

27 2017

яхобан

Admin

Corrected text

26.10.2016
Users