Share:



Жалауым желбіреген түсті құла
Сарқылып сағыныштан ішкі қуат
Жалғанда жарық күннің қызуынан
Анаңның алақанын ыстығырақ

Кетсе дағы көңілің құсқа айналып
Сіз бар жерден айналып ұшпайды анық
Қатты сөз айтса біреу анасына
Әттең-ай! деп тұрамын іштен налып

Алаулап айналсада күн батуға
Қараймын өртке оранған шыңға тура
Тірліктің тамашасын тәрк етер ем
Ана деп тағы бір рет тіл қатуға

Кетсе дағы көңілің құсқа айналып
Сіз бар жерден айналып ұшпайды анық
Қатты сөз айтса біреу анасына
Әттең-ай! деп тұрамын іштен налып


Кенжебек Жанәбілов, Ана lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

11.03.2019
Users