Үйлену туралы толғау lyrics

Қазақша терме

2018

1
0

Share:



Қалыңдықты алу да оңай тойда оңай
Табу қиын осы жағын ойлағай
Алғанда ақылына қарарсың
Әдептісін істерінде қаларсың
Көрінгенге көзін сүзіп қалмасын
Кәрі жасты тек алыстан арбасын
Өлсе ғана топырақ түсер көзіне
Шөп түсірмей адал болсын өзіңе
Кір болсада атағына жығылма
Қонбайсың ғой әйел қорған торуға
Көңілсіз боп есік аттап шықпасын
Сенен басқа еркек бар деп ұқпасын
Ер жігітті адасытрар көп себеп
Бірі күнді сұлулықты көксемей
Екінішісін даңқтысын қалайды
Үшіншісі байлықты жар санайды
Төртіншісі бірінде ойға алмайды
Ақ пейілді әдептісін таңдайды
Бай келіншек пеілімен ақ қорлайды
Оны алғандар өле өлгенше сорлайды
Бай бай емес меншігім деп қорлайды
Ер жігітке бұрып пейіл жанарын
Өздеріне сақтар суық қабағын
Әйелінің баққан тыныс дыбысын
Ер жігіттің көрген күні құрысын
Ол бишара жұмылғанша жанары
Күйеу емес күзетші болып қалады
Сүйген жарға болмас екен сүйіктің
Бақыты сол байлығы сол жігіттің
Қазақша терме, Үйлену туралы толғау lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

16.11.2018
Users