Өмірдің шындығы

Қазақша терме

2018

0
0

Share:





Загрузка...



Ақынға ей қара сөзден өлең оңай
Балыққа саяз судан терең оңай
Шешендер сөйлегенде жанды ерітіп
Көңіліңнің құсын ұстап берер оңай
Құстарға жорғалаудан ұшқан оңай
Серіге сұлуларды құшқан оңай
Күш қосып бірлескендер ел алады
Ынтымақ қайда болса дұшпан оңай
Ұстаға ей төстеп соққан балғада оңай
Үйшіге талмай ұрған балта да оңай
Әркімге өзі үйренген кәсіп оңай
Шаруға егін егі малғада оңай
Адамдар бір зауыттан шыққан шәйнек
Сырты бір ішін ашпай қайдан білмек
Сорғалап ішіме күйе құйылғанда
Ащыма тұщыма жұрт сонда білмек
Бірден сенде болалмайсың үлкен кісі
Жігіттің елге жағар екендісі
Секілді қотыр ешкі кейбір бұзық
Келіп тұрар көрінгенге сүйкенгісі
Атамның әділ жолы ардақтысын
Сабырлы терең ойлы салмақтысын
Қадірлеп сол адамды ел сыйлайды
Зияны тимеген соң үлкен кіші



Қазақша терме Өмірдің шындығы lyrics, Қазақша терме 2018


Загрузка...





Айгул

Corrected text

22.11.2018
Users