Ғашықтар

Қазақша терме

2018

0
0

Share:





Загрузка...



Ғашықтар ғашықпын деп жарлай тұғын
Әркімді әб жыландай арбай тұғын
Ғашықтар көрінгенге ай көзін сүзіп
Жолына тұзақ салып торлай тұғын

Ғашықтар ғашықпын деп айғайлайтын
Ғашықтар іштен тынып айта алмайтын
Ғашықтар ат үстінен сүйе салып
Содан соң қашып пысып қайқаңдайтын

Ғашықтар бүгін сүйіп қосылатын
Сонан соң ажырасып отыратын
Ғашықтар сүйгенінің жолын тосып
Туған ай шыққан күнді батыратын

Ғашықтар бірін бірі алдай тұғын
Өзінің бас пайдасын қамдай тұғын
Ғашықтар Қозы Көрпеш Баяндайын
Дәстүрді өлелгенше жалғай тұғын

Ғашықтар дүние пұлға сатылатын
Оралып шырмауықша шатылатын
Ғашықтар ақ жүректі ары таза
Адамды адамдыққа шақыратын

Ғашықтар дүние пұлға құнықпайтын
Ақшасыз кедей болсаң кінә артпайтын
Қатықсыз қара суды бөліп ішіп
Махаббат сезімін тұрақтайтын

Осындай алуан алуан ғашықтар бар
Ішінде жақсыда бар пасықта бар
Құрбылар сүйер болсаң адалдан сүй
Сезімін махаббаттың жасытпаңдар

Қазақша терме Ғашықтар lyrics, Қазақша терме 2018


Загрузка...





Айгул

Corrected text

16.11.2018
Users