Жаздың бір әсем кешінде lyrics

Қасымхан Бегманов

0
0

Share:


Жаздың бір әсем кешінде,
Сарыағаш бағы есімде.
Дірілдеп аппақ саусағың,
Келе алмай тұрдың шешімге.
Хабарласпадың, арайлым,
Почтаға күнде караймын.
Елігім едің сен менің,
Еркесі едің Бабайдың*.
Жылуыменен хаттардың
Алматы жаққа аттандым.
Қинады мені, қинады,
Жанарындағы жатқан мұң.
Жырменен жолдар астасып,
Вагондар, сырлас досқа асық.
Тамбурда кеттім егіліп,
Түркістан қалды қоштасып...
Қасымхан Бегманов, Жаздың бір әсем кешінде lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016