Маxаббат мұңсыз болмайды

Қанат Үмбетов & Әлия Әбікен

2018

28
0

Share:





Загрузка...



1-ші шумақ:

Мұңайма жаным, мерейлі,
Шаттық та, мұң да кемиді.
Солтүстіктегі мұхиттың,
Мұзыда бір күні ериді.
Жүректің сенсің сыңары,
Қолыңда сенім шырағы,
Көңілдің мұзы еруге,
Керек-ау жанның шуағы.


Қайырмасы:

Көзіңді тұман торлайды,
Көңілге күмән орнайды,
Сезімің мөлдір болса да,
Махаббат мұңсыз болмайды!
Шын сүйсең жаның тоңбайды,
Сағынсаң сағым арбайды,
Қызғансаң жүрек өртенер,
Махаббат мұңсыз болмайды!


2-ші шумақ:

Бақыттың дәмі балдай ма?
Табайын іздеп жол қайда?
Өлшеніп берген өмірде,
Өкпелетпесең болмай ма?
Жылайсың, кейде күлесің,
Тоқтатпа тағдыр күресін!
Ащының дәмін татпасаң,
Тәттіні қайдан білесің?


Қайырмасы:

Көзіңді тұман торлайды,
Көңілге күмән орнайды,
Сезімің мөлдір болса да,
Махаббат мұңсыз болмайды!
Шын сүйсең жаның тоңбайды,
Сағынсаң сағым арбайды,
Қызғансаң жүрек өртенер,
Махаббат мұңсыз болмайды!
Қанат Үмбетов & Әлия Әбікен Маxаббат мұңсыз болмайды lyrics, Қанат Үмбетов & Әлия Әбікен 2018


Загрузка...





GM

Corrected text

11.01.2019