Сәкен-сұңқар lyrics

Қанат Жүнісов

Сәкен-сұңқар

0
0

Share:


Оһоһооу, сұңқары Сарыарқаның тұлғасы дара,
Ақын аға, еліңе қиын күнде болдың пана.
Оһоһооу, қазақтың қайраткері, кемеңгер дана
Қайран баба, жаныңа қатал тағдыр салған жара.

Ел үшін туған ұлан,
Елім деп салған ұран,
Ел үшін болдың құрбан,
Гәй-гәй-гәй-гәй-гәй-гәй-гәй-гәй,
Ақбоз атың тұлпар,
Арулар болған іңкәр
Ақиық, Сәкен-сұңқар!
Гәй-гәй-гәй-гәй-гәй-гәй-гәй-гәй!

Оһоһооу, жұртыңды жеткізем деп заманға жаңа,
Шықтың дара, жан пида ерлігіңе жетпес баға.
Оһоһооу, Тар жолда тайғақ кешкен соқпағың сара,
Бар ма шара, адасқан пенделерге, кешір, баба.

Сиқырлы салған әнің
Сымбатты сұлу сәнің.
От кешкен жаның жалын,
Гәй-гәй-гәй-гәй-гәй-гәй-гәй-гәй,
Ақбоз атың тұлпар,
Арулар болған іңкәр
Ақиық, Сәкен-сұңқар!
Гәй-гәй-гәй-гәй-гәй-гәй-гәй-гәй!
Қанат Жүнісов, Сәкен-сұңқар lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.10.2015