Share:





Загрузка...



Ау бай мұхамметіңе жарапазан
Оразаң қабыл болсын ұстаған жан
Ассалаумағалейкум ақпен келді
Айы туып күні шыққан жақтан келдім
Біз айтсақ жарапазан әдет ғұрпың
Пайғамбар жолын қуып атқа міндім


Айтамыз жарапазан елімізге
Байлаңыз барша орамал беліңізге
Байланса барша орамал белімізге
Қайтамыз нартайлақтай елімізге

Үйің үйің үй екен
Үйдің көркі ши екен
Саба көркі би екен
Ақ ордадай көрінген
Қай кісінің үйі екен ей

Ау бай мұхамметіңе жарапазан
Оразаң қабыл болсын ұстаған жан
Менде бір пайғамбардың саратоны
Әр үйге мұндай барсақ таң атады
Әкеліп ықыласыңмен садақаңды
Қол жайып құдай үшін алдағанды

Айтамыз жарапазан есігіңе
Ұл берсін пайғамбардай бесігіңе
Ораза айыменен ырыс келсін
Молшылық ала келсін несібіңе

Үйің үйің үй екен
Үйдің көркі ши екен
Саба көркі би екен
Ақ ордадай көрінген
Қай кісінің үйі екен ей

Қанат & Айтгүл Құдайбергеновтер Жарапазан lyrics, Қанат & Айтгүл Құдайбергеновтер 2018


Загрузка...





Айгул

Corrected text

12.06.2018
Users