Жігіттер сенбендер қыздарға lyrics

Қалдыбек Талқанбаев

Жігіттер сенбендер қыздарға

0
0

Share:


Ортада отырмыз бәрiмiз
Жасы үлкен, кiшiмiз, кәрiмiз,
Балалық шағымнан әңгiме айтайын
Құлақ салып тыңдаңыз бәрiңiз.

Балалық шағымнан бiрге өскен,
Қаракөз сұлу-ай бой жеткен,
Он жылдық мектепті үздiкке бiтiрiп
Қалаға оқуға ол кеткен.

Осымен ай өтті, жыл өттi,
Қаракөз хабарсыз ол кеттi.
Күндердiң күнiнде Қаракөз-айымнан
Бiр парақ қағазбен хат келді.

Хатында жазыпты кешiр деп,
Мәңгiлiк махаббат өшті деп,
Күздегi болатын үйлену тойымның
Қадырлі қонағы болшы деп.

Сонда мен бардым ғой қалаға,
Сүйгенiңдi iздемей болама?
Мен барсам қалаға, қасында бiр бала
Сонда мен қалдым ғой далада.

Жiгiттер сенбендер қыздарға,
Осы күні ойлайтын қыз бар ма?
Жүрегім лүпілдеп, сүйемiн деп алдайды
Махаббат ойыншық қой оларға.

Жігіттің намысын аяққа таптаған,
Қыздарды қыз деуге бола ма?
Осымен әнімді тыяйын
Қалайша мен оны қыяйын.

Осында отырған бiр қызға ғашықпын
Есiмін айтпай-ақ қояйын.
Осында отырған бiр қызга ғашықпын
Есiмін айтпай-ақ қояйын.
Қалдыбек Талқанбаев, Жігіттер сенбендер қыздарға lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

13.05.2016
Users

GM