Түн және Мен lyrics

Қалдыбек Талқанбаев

2017

0
0

Share:



Сары күздей сағыныш бар бойда мұң
Туған айдай толықсыған ойларым
Қара түннің құшағында жұлдызға
Әппақ арман үмітімді байладым

Санама кеп сыбырласа елігім
Алақанға қонған қардай ерідің
Алпауыт сезімдермен алысқан
Түсінеді түннен басқа мені кім

Кетсем кейде тағдыр жолда тайғанап
Құшағында түн жұбатар аймалап
Көкке мені көтереді жұлдыздар
Сүп сүйкімді сәулесіне байлап ап

Күнсіз түнде жаным жалғыз адасып
Жымындасқан жұлдыздармен жарысып
Сырласамын сағынышқа оранып
Нұрға толып оранамын таң аса
Қалдыбек Талқанбаев, Түн және Мен lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






16.08.2017
Users