Ағайын lyrics

Қайсар & Заттыбек

2018

3
0

Share:



Осы келген жасымда біразды көріп келемін
Керегіңді теріп ал азырақ сөйлеп берейін
Көп ішінде мен көрдім жақсы да жаман аралас
Жақсылар барған жеріне жамандар жетіп бара алмас

Жақсыларды мен көрдім жамандармен шамалас
Өр көкірек көз соқыр озғандарды көре алмас
Заты да болса бишара қатарға өзін санайды ей
Қолына аздап мал бітсе менсінбей жұртқа қарайды ей

Іс түскенде басыңа қарасатын ағайын
Ұзақ кетсең алысқа пал ашатын ағайын
Жетпей тұрған жеріңде жеткізетін ағайын
Талабыңа биіктен ой тастайтын ағайын

Қуанышпен қайғыңды бөлісетін ағайын
Сәл нәрсеге ренжіп келісетін ағайын
Барыңменен жоғыңды жоқтайтында ағайын
Әкесі үлкен шешемді боқтайтында ағайын

Жас кезіңнен сырыңды білетінде ағайын
Сүрінгенде бірінші күлетінде ағайын
Озғаныңды да көре алмай күндейтінде ағайын
Азғындасаң тіл алмай жөндейтінде ағайын

Жік жік етіп ұрпақты бөлетінде ағайын
Өле қалсаң жабылып көметінде ағайын
Ағайыннан ажырап қайда барып оңайын ай



Қайсар & Заттыбек, Ағайын lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

19.12.2018
Users