Өлшеулі өмір

Қайрат Нұртас

2018

122
5

Share:





Загрузка...



Менің үніме құлақ түр келіп
Бәрі де бәрі сынақ білемін
Өмір жайында ойлана қалсам
Ессіз адамдай жылап күлемін
Жүрмес өлместей өмірге келіп,
Жалғанның жайлы төрінде көріп
Басыңа жауған бақыттың қары
Түседі-ау бір күн түседі ау бір күн
Көңілден еріп
Кетер әкеңде анаңда кетер
Кеткенше саған алаңдап өтер
Тірі кезінде құрметте бәрін
Өкпелегенше заманға бекер

Бермес ешкімге тіршілік баға
Татымас тағдыр бір шыбыққада
Ана өмірге апаратының
Құдайға қылған құлшылық қана
Ана өмірге апаратының
Құдайға қылған құлшылық қана

Шіркін таусылса әттеңің ғана
Салқын күндердің сәттерін қара
Жалғаннан жалғыз алатын еншің
Бір екі метр ақ кебің ғана
Сыналар өмір өтімек үшін
Бай адам мықты секілді үшін
Жер бетін ешкім жаулай алмайды
Жер жаулап алар бетіндегісін
Жер бетін ешкім жаулай алмайды
Жер жаулап алар бетіндегісін

Жетер Алланың үкімі алдағы
Пенденің өлмеу бүкіл арманы
айтып келмейтін ажал құрғұрдан
Қорқыттың өзі құтыла алмады
Қалар артыңда жаңғырық елес
Әрбір адамның тағдыры белес
Бәріңе мәңгі өмір тілерім
Өмірде бәрі мәңгілік емес
Бәріңе мәңгі өмір тілерім
Өмірде бәрі мәңгілік емес
Қайрат Нұртас Өлшеулі өмір lyrics, Қайрат Нұртас 2018


Загрузка...





Comments

Diana Saduakasova

13 March 2018

Текст кайда?

Еркебұлан Ермұханов

14 March 2018

керемет ән екен

Бекболат

14 March 2018

жаксы олен тек арасында метр деген созди кулаш десе жаксы болар еди

Гулдана Мирманова

16 March 2018

сөздері керемет

Шынар Уралбаева

19 March 2018

керемет

Shynar

21 March 2018

жүктелмей жатырго

Khalmatova

26 March 2018

Күшті ақиқат айтылған

Жандос Женисбай

09 2018

керемеи

Batyrber Sýrbaev

16 2018

Жаксы өлен

Сания

30 2018

Аман бол қазағым

Аяулым

Corrected text

01.04.2018