Жайма-шуақ lyrics

Қадыр Мырза Әли

0
0

Share:


Абайла
Күннің үкісін
Жіберер болсаң қозғап бір,
Сау етіп көктің күмісі
Төгіліп кете жаздап тұр.
Қажеті желдің жоқ тегі,
Үф — десең болды аздап бір,
Селдірлеу бұлттар көктегі
Сетінеп кете жаздап тұр!
Даусыңды — алмас қылышты —
Көтерер болсаң аздап бір,
Тырсиып піскен тыныштық
Жарылып кете жаздап тұр!
Қадыр Мырза Әли, Жайма-шуақ lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016