Суға барған сұлулар lyrics

Қадыр Мырза Әли

0
0

Share:


Бойжеткендер,
Балдыздар
Бір кездегі аңыздай.
Су тасиды бал қыздар
Бір тамшысын тамызбай.
Қыр әніне зәрумін,
Қызықтырар жыр мені.
Иінағашты арудың
Білінбейді жүргені.
Жолыққанда ақ маңдай,
Жігіт қандай күй кешкен!
Шөлдеп бара жатқандай,
Су сұрайды бикештен!
Қадыр Мырза Әли, Суға барған сұлулар lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016