Шарықтау шегі lyrics

Қадыр Мырза Әли

0
0

Share:


Серкелер жиында
Сөйлейді тайынбай.
Кіселер қоржындай,
Белбеулер айылдай.
Құлақтар қалқандай,
Күрек тіс кетпендей.
Барлығын талқандап
Батырлар өткендей.
Дұшпаны басқа ұрған
Ішінен тынады.
Шоқиған қасқырдай
Шошайған тымағы.
Ашудан жабылған
Ашылмас қабағы,
Аршадан шабылған
Астаудай табағы...
Айтқанда аспандар
Ақындар,
Абыздар.
Қайран сол дастандар,
Қайран сол аңыздар!
Қадыр Мырза Әли, Шарықтау шегі lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016