Өмірдің өзі қызық-ақ lyrics

Қадыр Мырза Әли

0
0

Share:


Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ,
Жап-жақсы жырды кейде біз түзеумен жүрміз бұзып ап.
Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ,
Біреуді сынап адам ғып, мақтаумен жүрміз бұзып ап.
Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ,
Жүйкеге бола дәрі ішіп, бауырды жүрміз бұзып ап.
Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ,
Аштықпен емдеп ауруды, тоқтықпен жүрміз бұзып ап.
Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ!..
Қадыр Мырза Әли, Өмірдің өзі қызық-ақ lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016