Көшпелі құм lyrics

Қадыр Мырза Әли

0
0

Share:


Көк шапан жамылмаған тал-ағаштан
Құм өзі аумайды екен жалаңаштан.
Жабайы жылқы ма екен
Жігіт желге
Жалынын сипатпай бір ала қашқан?1

Қашады ол қарғыс айтып тәңіріне,
Қашады ол безіп дауыл әмірінен...
Қашады ол
Көк өзенмен қуып ұстап,
Көгалдың тұсағанша тамырымен!
Қадыр Мырза Әли, Көшпелі құм lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016