Халық lyrics

Қадыр Мырза Әли

0
0

Share:


Әлқиссаның әжесі - "Әліппеден"
Ә дегеннен ғибрат алып келем.
Ұлттар үшін
Жүз томдық жыр сездігі
Ұлы сөзден басталар
ХАЛЫҚ деген.
Шөңге де өлең,
Шөп те өлең,
Темір де өлең
Дей алмаймын, бауырым, өмірде мен.
Оңғаны жоқ адамның ешқашан да
Халық демей халықты,
Тобыр деген.
Тағдыр керек халыққа шұғылалы,
Тіл қатады ол биікке шығып алып.
Ақырзаман болғанда
Ағзамдар да
Аяғына халықтың жығылады.
Халық барда, қарағым, қауіп бар ма!
Сол халықтан туады алыптар да.
Тәңір деген,
Құдірет,
Құдай деген,
Алла деген сөз бе екен халық барда?!
Ұстап тұрып айтайын,
Міне, күлше:
Кейбіреулер осы елдің түлегінше
Көлгірсиді...
Ол сөзбен ойнағандар
Ойыншы емес -
Ойыншық,
Біле-білсе!
Бір-бірімен достасқан,
Құдаласқан
Халық десе,
Жер түгіл,
Бұғады аспан.
Атпайды да,
Аспайды ол -
Ұмытады -
Перзент үшін жаза жоқ одан асқан!
Айтпау керек,
Бұл сөзді ұғу қажет!
Ұғу қажет,
Құлақты жыму қажет.
Тіліңіздің ұшында тұрмай ол сөз,
Шыңыраудан шымырлап шығу қажет!
Мен бұл сөзді ұсақтап,
Майдаламан.
Ел-жұртымсыз - белгісіз - қайда қалам?!
Ақын болып бірдеңе жазарымда
Халық болып алдымен ойлап алам!
Қадыр Мырза Әли, Халық lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016