Дүріл мен діріл lyrics

Қадыр Мырза Әли

0
0

Share:


Көктің де өзіне
Пайданың көзімен
Қараймыз бүгінде.
Гүл деген құнсыз бақ,
Деп, достар, гүлсіз қап
Жүрмесек түбінде.
Моторлар зіркілдеп,
Тынбайды бір күн де,—
Бұл, рас, ел қамы.
Жүректің дірілін
Машина дүрілі
Жұтпаса болғаны!
Қадыр Мырза Әли, Дүріл мен діріл lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016