Ата және немере lyrics

Қадыр Мырза Әли

0
0

Share:


Ата менен немере
Аяқталмас бір дастан.
Екеуіне не керек
Егілмесе нұрлы аспан!
Артық кім бар, шынында,
Ауылдағы қартыңнан!
Немересі Құлындай
Құлдырайды артынан.
Баласының баласы
Бауыр баспай қалды ма?
Атқа қонса атасы
Отырады алдына.
Қуанады атасы
Қауын үзіп бақшадан.
Немеренің сапасы
Бөлегірек шақшадан.
Шіркін, қарттар шабытты
Шұбыртады-ау батасын!
Немерелер бақытты
Түшкірткенге атасын.
Қуат алып,
Күшейіп,
Мәз болады шал қанша!
Немересі есейіп
"Насыбайсыз" қалғанша!
Қадыр Мырза Әли, Ата және немере lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016