Желдірме lyrics

Исаның әні

Желдірме

1
0

Share:


Ал, қалқа, келді кезің жайнайтұғын,
Бұлбұлдай бақшадағы сайрайтұғын.
Өнердің қиясына шыққан сайын,
Болаттай тастан табан таймайтұғын!


Жөнелдім желдей есіп, жел маядай.
Қырандай аспандағы самғайтұғын!
Тізейін өлеңімді меруерттей,
Есінен жұртшылықтың қалмайтұғын.


Дабылым дауылпаздай шарықтаған,
Екпінім самолеттей заулайтұғын.
Өнерлі жастарымыз, үйреніп ал,
Ән еді «Желдірме» атты самғайтұғын!

Исаның әні
Исаның әні, Желдірме lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

28.10.2015