Share:


Көшіру



Загрузка...



Ең шебер, ең Дана, ең Көркем – бір Алла,
Ең сұлу Есімің естілсін дұғамда.
Ең соңғы пайғамбар – Мұхаммед таратқан
Ең тұнық ақиқат құлпырған Құранда.

Жаратып әдемі ғаламды,
Жаратқан әкемді, анамды.
Кешірші, кешірші, жан Алла...
Сөзімен адасқан адамды.

Бір Саған сыйынып көңілге гүл ектім,
Жаныма саулаған нұрыңды жыр еттім.
Саф Ислам – мерейім, пәк Иман – шаттығым,
Хақ Алла, қабыл ет тілегін жүректің.

Жаратып Өмірді, Өлімді,
Жаратқан Жерімді, Көгімді.
Рахымды – әлемнің Иесі,
Ақылдан айырма елімді.

Бес күндік өмірім – бес уақыт намазым,
Үмітім – Жұмағың, Арманым – Назарың.
Қанағат, Шүкірлік, Сабырлық, Иман бер,
Таусылып дәм-тұзым, жеткенше ажалым.

Жаратып Ғарышты, Нұрыңды,
Жаратқан Күнімді, Түнімді.
Бір саған мақтауын арнаған
Жәннаттан нәсіп ет мүмінді...
-----------------------------------------------------
key:Индира Елубаева Дұға lyrics, Индира Елубаева Дұға mp3 скачать, Индира Елубаева Дұға mp3 жүктеу

Загрузка...

1095


22.06.2017
Users

Admin

Added Lyrics

10.01.2017

Sign up

Sign up

Sign in

Password Recovery

Forgot password?

Male
Female

Enter your account’s email address. Your password will be sent to this address within 5 minutes.