Оян қазақ

Ибрагим Ескендiр

2017

8
0

Share:





Загрузка...



Оян қазақ ойлан қазақ жөнге көш
Тегің таза кем емессің елден еш
Əр балаңды баптамасаң бесіктен
Жан жараңды жат жұрт келім емдемес
Оянғаннан пайда барма құр жатып
Ояндағы оилан деген Біржақып
Құдай сені жаратқан соң қазақ қып
Қазақ болып ғұмыр кешу бір бақыт
Кең дүниениенің түріп таста түндігін
Бейнет қуар білім қуар күн бүгін
Шағаладай аппақ болсын пейілің
Бал арадай бекем болсын бірлігің

Оян қазақ өгейсітпе тіліңді
Бөтендерге кеп былғамасын тіліңді
Ақ тымадай төл мүсіні тұрғанда
Алты алаштың ұрпағына кім үлгі
Оян қазақ ұят жусын жүзіңді
Ақтау үшін ұрпағыңнан дəм тұзыңды
Еріккендер құл етпесін ұлыңды
Желіккендер күң етпесін қызыңды
Сан бабамның əрлендірген сүйегі
Сар бабамның сары алтындай
Шаң жуытпаи еліңді сүй айбынды
Мəңгі ұлықта жеріңді сүй киелі
Жаным қазақ отаншыл бол сен бүгін
Қара нардай талмаи көтер ер жүгін
Ұнтақталма ұлы арбаның алдындай
Ұрпақтарға мұра болсын ерлігің

Ибрагим Ескендiр Оян қазақ lyrics, Ибрагим Ескендiр 2017


Загрузка...





Айгул

Corrected text

04.04.2018
Users