Қайда lyrics

Гүлнұр Оразымбетова

2019

3
0

Share:



Арада сағыныш қалған ба үміт артып
жүргенде өзіңмен жалғанда
Аппақ арман махаббатым
Кеттің бе шалғайға
Мәңгі бірге екеуіміз бола алмадық шын сүйгенменен
Мандайға тағдыр жазған ба?
Сенсіз күндерім өтті түндерім
Атты талай таңдар да


[Қайырмасы]
Қайда?
Ол күндер бірге жүрген кезім қайда?
Самға
Менің нәзік махаббатымды өзің жалға
Қалдырдың сүйген жүрекке сен өшпес таңба, қоштасқанда


Мендегі сағыныш оңаша қалғанда ақша бұлттан тамшы жас тамғанда
Күзде солған жапырақпын сарғайған талдарда
Еске аларсын бірге жүрген бақтарға жалғыз барғанда
Көп сөз ойға шомылғанда
Мен деп ойларсың айдын көлге кеп жалғыз аққу қонғанда


[Қайырмасы]
Қайда?
Ол күндер бірге жүрген кезім қайда?
Самға
Менің нәзік махаббатымды өзің жалға
Қалдырдың сүйген жүрекке сен өшпес таңба, қоштасқанда

Қайда?
Ол күндер бірге жүрген кезім қайда?
Самға
Менің нәзік махаббатымды өзің жалға
Қалдырдың сүйген жүрекке сен өшпес таңба, қоштасқанда
Гүлнұр Оразымбетова, Қайда lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

карашаш

16 March 2019

Admin

Corrected text

15.03.2019
Users