Сүгірдің термесі lyrics

Ғабит Қосай

2019

1
0

Share:



Ауылға да Сүгір-ай келді деп
Ордасында талайдың сайраған
Сары самаурын, ақ құман
Кең дастархан-ау жайнаған

Ағаларда елдің-ау аман бол
Келді ме деп-ай жыршыда
Жеңгейлерімде бар еді ай
Ботадай көздері-ай жайнаған

Ал інілерімде бар еді
Сүгір де ағам ай келді деп
Ат шаптырыпта айхайлап
Хабарда салғанау еліне

Мәжіліс деп айтады-ау еліне
Көңіліде құрғыр-ай мастанам
Біз жүре беріппіз жігіттер ей
АДАЙдыңда берген-ау жеріне

Келіндерім де бар еді
Қайын аға келдің-ау дегенде
Реңінде қалайда көрем деп
Алыстан тұрыпта болжаған

Сызылыпта талай ай сыйлаған
Құрбыларымда-ай бар еді
Қоныпта кетсейші-ей құрдас деп
Талайдың жаннын қинаған

Қыздарымда бар еді
Шәй құйыпта беріп ей атамның
Батихасын ай алам деп
Саусақтарыда майысқан
Қыпшада белдері-ау қайысқан

Алтыда қанат-ай ақ орда
Айырылыпта қалып ей барасың
Біз сияқты күнінде
Шабысы да жүйрік ей арыстан
Ғабит Қосай, Сүгірдің термесі lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

17.03.2019
Users