Аққуым аспанда емес, жер бетінде lyrics

Ерген Айтымбетов

Аққуым аспанда емес, жер бетінде

1
0

Share:


Аққуым аспанда емес, жер бетінде,
Сұлулық тұр тояттап келбетінде.
Сол болып шырт ұйқыдан оятады,
Мазасыз таңда бұлбұл, жел де түнде.

Аққудың ұйып тыңдап тынбас әнін,
Сарылып түнмен, таңмен сырласамын.
Кетеді асықтырып таң да, түн де
Дүниеде жүрсің бе деп, мың жасармын.

Қайтейін, төзем тағы мен дертіме,
Тимесін аққуымның жел бетіне.
Дауысын жүрегімнің бір есітер,
Әндетіп жүрсе болды жер бетінде.
Ерген Айтымбетов, Аққуым аспанда емес, жер бетінде lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

22.11.2015
Music Videos
Ерген Айтымбетов
Аққуым аспанда емес, жер бетінде