Үзілмеген үміт

Ерғали Көшербаев

2017

0
0

Share:





Загрузка...



Сені күтіп отырдым ұзақ таңда

Жүрегінде өшпейтін сызат бар ма

Езілген-ай жүректің жаным сені

Көз алдымнан ғайыпқа ұзатқанда

Үзілмейтін не деген үміт үміт

Тонып жатып түс көрем жылы тұрып

Есімде қалмағаны жақсы екен ғой

Сол күндердің барлығы ұмытылып

Қайырмасы:

Өмір-ай өмір өмір-ай

Тағдырдың түрлі жолын-ай

Сол жанды бақытты ете гөр о Құдай

Жаным-ай жаным жаным-ай

Кетейін мейлі танымай

Мен үшін болған жарық-ай

Жаным-ай әнім-ай

Жарық ай бір өзің қара аспанның

Менде әзір басқамен жарасқанмын

Мен жолына қарайлап жүргенімде

Байқамай өз жолымнан адасқанмын

Қайырмасы:

Өмір-ай өмір өмір-ай

Тағдырдың түрлі жолын-ай

Сол жанды бақытты ете гөр о Құдай

Жаным-ай жаным жаным-ай

Кетейін мейлі танымай

Мен үшін болған жарық-ай

Жаным-ай әнім-ай
Ерғали Көшербаев Үзілмеген үміт lyrics, Ерғали Көшербаев 2017


Загрузка...





26.11.2017
Users