Жамбыл аудан

Елдос Үмбетәлі

2018

0
0

Share:





Загрузка...



Арқасын құмға өр басын тауға
Аяғын гүлге түзеген
Ақыны дауда батыры жауда
Парызын елге өтеген.
Ұлдары қыран қыздары ұяң.
Ақиқат туын көтерген
Батырлық ерлік ақындық бірлік
Татулық шыққан осы елден

Қайырмасы
Қарасаймен даңғылаудан
Сүйінбаймен əн жыраудан
Ол тарихта мəңгі қалған,мəңгі қалған
Ерлері көп алғыс алған
Аламанның алды болған
Жыр алыбы Жамбыл аудан
Жамбыл аудан жерін

Жетісу жерін жеті өзен көлін
Жағалап өскен ауданым
Өтседе ғасыр жайлауы жасыл
Бұзылмай келеді қаймағың
Баласы есті құлыны бесті
Нар болып өсті тайлағын
Ақ орда түрін қазақтың елі
Құлантып келеді ардағың

Қайырмасы
Қарасаймен даңғылаудан
Сүйінбаймен əн жыраудан
Ол тарихта мəңгі қалған,мəңгі қалған
Ерлері көп алғыс алған
Аламанның алды болған
Жыр алыбы Жамбыл аудан
Жамбыл аудан жерін

Тұлпарлар шауым сұңқарлар ұшып
Сұлтандар жүріп өскен жер
Қалмақты қонған жоңғарды күн қып
Бабалар қанын төккен жер
Бұлбұлдар үнін дүлдүлдер жырын
Күйшілер күйін шерткен жер
Қадірін біліп атбасын ұрып
Ұлылар қонып кеткен жер

Қайырмасы
Қарасаймен даңғылаудан
Сүйінбаймен əн жыраудан
Ол тарихта мəңгі қалған,мəңгі қалған
Ерлері көп алғыс алған
Аламанның алды болған
Жыр алыбы Жамбыл аудан
Жамбыл аудан жерін


Елдос Үмбетәлі Жамбыл аудан lyrics, Елдос Үмбетәлі 2018


Загрузка...





Айгул

Corrected text

07.10.2018
Users